"400 мың доллар дегенді ойдан құраған": Гүлзира Айдарбекова Қайрат туралы әңгімеге нүкте қойды

0
1 428

Бірнеше күн бұрын Динара Әлжан есімді әнші "казинода қиналып отырған кезінде Қайрат Нұртасқа көмектестім" деген еді.


Әнші Қайрат Нұртастың әндерімен қатар өзі туралы да түрлі әңгімелер жұрт аузынан жиі естіледі. Соның бірі - әнші Динара Әлжан өзінің бір кездері казинода қиналып отырған кезінде Қайрат Нұртасқа көмектестім, кейіннен оның өте көп сумманы Болат Назарбаевтан алып бергенін айтқан еді.

Бұл видео желіде жедел тарап, ақпарат сайттарынан да тыс қалмады. Ал жанкүйерлері әншінің өзі мен анасына хат жаза бастаған.

Солардың бірі желіде "Динара дегеннің сұқбатын көріп Қайратты ондай адам деп ойламайсың" деген, оған Қайрат Нұртастың анасы, Гүлзира Айдарбекова "Қайрат жайлы не айтпады, айта берсін. Ешкімнің ақшасын тартып не алдап алған жоқ. Журналист жігіт біледі ғой кімді хайп жасап, ютубының оқырмандарын көбейтетінін. Қашаннан соңына түсіп жүргенін байқап та жүрген шығарсыздар. Қайраттай болып алсын ол өсекші. Қандай пиғылы болса сол басына келсін, оның да ұрпағы бар шығар. “Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр” деп Қайрат әнімен жеткізгендей, Қайрат, Қайрат болып тұрғанда шегі жоқ әңгіме ғой. Жақсының артынан сөз ереді, мықты бүркіттің артына жабысқан қарғаны елестеттім. Жоғарыға көтерілемін деп, ауа жетпей төменге құлдырмасын өзіне хайп жасаймын деп жүріп. Аузын толтырып 400 мың доллор дейді ма ойдан құрап. Концерттері мықты өткен сайын өзегі өртеніп жүр ау, абыройын қалай түсірсем деп. Мұндай өсектер алғашқы не соңғысы емес айта берсін, алдыңды кесіп өтетін қара мысықтардың кезікпейтін кезі жоқ қой. Нағыз жігіт болса, солай болған күннің өзінде елдің азаматы ғой деп ағалық ақылын басқаша айтар еді. Қалай мін іздеп кір табамын деп Қайратты шұқылаған сайын хайп болатынын біліп азартына кіріп кетті бұл жігіт. Құдай аясын. Баяғы мықты азамат ата-бабаларымызды да осындай еркек сияғы жоқтар түбіне жеткен ғой, соңынан қалмай елді азғырумен, өз қазағын жауымен арпалысқандай.
“ Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді” демекші сасытып жүріп. Өзіңнен шыққан жау жаман деген осы шығар" деп жауап берген.

Сондай-ақ ол "Осындайлар хайп үшін сұхбаттасқан адамдарға шәй береді дейді, сол шәйға жылап-сықтап әңгіме айтқызатын бірдеңе қосатын сияқты деп есітіп едім, қарап отырып рас па деп қаласың. Кейбір каналдар ақша төлеп хайп жасатады дейді, бәрі де мүмкін. Ол аздай ақша төлеп комменттер жазып отыратын жалдамалы адамдары да болады дейді елді кері пікірге итермелеп шулатып отыратын. Заман солай ма адам солай ма, бар жамандық осындайлардың кесірінен жердің бетіне шығып жатыр жер сілкінісі, өрт, су алу деген сияқты құдайдың қаhары" деп ойын толықтырыпты.

Десе де желідегі адамдардың ойы екіге бөлініп, "Ондай жағдай кез келген адамның жолында болады" десе, тағы бірі енді Қайрат Нұртасқа бұрынғыдай жанкүйер еместігін айтыпты.

Бірақ бұл туралы Қайрат Нұртастың өзі ешқандай пікір білдірмеді.