​Ыстық СУҒА күйген ТЕРІГЕ дереу СӘБІЗ басыңыз

0
6 422

Бұл компресті жасасаңыз, денеңізде ешқандай із қалмайды.


​Ыстық СУҒА күйген ТЕРІГЕ дереу СӘБІЗ басыңыз

фото: ru.telegram-store.com

Травмотолог дәрігерлер баланы күйіп қалудан сақтауға шақырады. Себебі, бір күнде ыстық суға, майға, сүтке, тамаққа күйген 10 бала аурухана төсегіне таңылуда. Дәрігерлер кішкентайларға өте сақ болыңыздар деп дабыл қағуда. Десе де, «әдейі жасаған жоқпыз, жазым ғой» деп кішкентайын шырылдатып жүрген аналар көбеймесе, азаяр емес.

Күю – теріге айтарлықтай жарақат салады. Қазіргі медицина ізін қалдырмай емдеуге қабілетсіз. Дегенмен де, дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну ауруды асқындырмайды. Ал егер, бала күйіп қалған жағдайда жедел түрде ауруханаға жеткізудің мүмкіндігі болмаса, үй жағдайында мына әдістерді қолдануға кеңес береміз.


Күйген теріге көмектесетін әдіс

  • Жұмыртқаның сарыуызын немесе қайнатылған жұмыртқаны ыдысқа саласыз. Оған 1 шай қасық бал араластырып, күйген теріге жағыңыз. Бұл ауруды басады әрі жараның тез жазылуына септігін тигізеді.
  • 10 мл зығыр майы мен 20 гр. ара балауызын араластырыңыз. Оны ыдысымен ыстық суға салып, бұлау жасайсыз. Қоспаны күйген теріге сіңдіріп жағу керек. Бұл ісікті кетіріп, жараның ізін жояды.
  • Ағаш көмірін жақсылап езіп алып, күйген теріге себесіз.

фото: gerpespro.ru

Күюді емдеуден алдын неге күйгенін анықтап алыңыз. Соған орай халық әдісімен емдеуге кірісесіз.


ЫСТЫҚ СУ

Егер денеге ыстық су шашырап кетсе немесе аз бөлігі құйылса, оны біз ұсынған әдіспен емдеуге болады. Ал егер көп мөлшерде күйсе дәрігердің көмегінсіз дертке дауа таба алмайсыз. Сонымен денеңіздің бір бөлігіне ыстық су шашырап кетсе, дереу шикі картоп немесе сәбіз басыңыз. Көкөністі 2-ге бөліп, күйген теріге қоясыз. Шамамен 5 минуттай ұстап, екінші бөлігін ауыстырыңыз. Емді ашығаны басылғанша жалғастырамыз.

Ал жарақатыңыздың ізі қалмасын десеңіз, аталған көкөністің біреуін үккіштен өткізіп, езбені күйген теріге қоясыз. Сыртынан қабатталған дәке байлайсыз. Бұл компресті әр 2 сағат сайын жасасаңыз, денеңізде ешқандай із қалмайды.


ЫСТЫҚ МАЙ

Майға күю – өте қауіпті.

  • Абайсызда қолыңызға, бетіңізге, жалпы денеңізге ыстық май шашырап кетсе, тез арада творог жағыңыз. Сыртынан бинтпен немесе орамалмен орайсыз. Емді тәулігіне жасау керек.
  • Үйде творог болмаса, қалың етіп ас содасын себіңіз. Емді жасаудан алдын күйген теріңізді сулап алғаныңыз жөн. Қаласаңыз сыртынан орап қоюға болады. Ас содасын қаншалықты ұзақ ұстасаңыз, оң нәтижеге тез жетесіз.
  • Соданың орнына тұз қолдануға да болады. Ол үшін 1 ас қасық тұзды жарты стақан салқын суға араластырып, күйген теріні сүртесіз.


ЫСТЫҚ ҮТІК

Үтікке күю жиі кездесетін жағдай емес. Десе де, жазым болуы да ғажап. Абайсызда алақаныңызды, қолыңызды немесе аяғыңызды ыстық үтікке күйдіріп алсаңыз, онда мына әдіс сізге ем болады.

  • Балғын алоэ жапырағын екіге бөліп, күйген теріге таңасыз. Сыртынан бинт немесе орамал орау керек.
  • Қырыққабаттың жапырағы да күйген теріге ем болады. Ол үшін жапырақты салқын суға жуып, күйген жерге басыңыз.
  • Асқабақ тілігі де күйген теріге тамаша ем болатынын біле жүріңіз.

фото: med-manual.ru


ЫСТЫҚ БУ

Буға күю де байқаусызда болатын жағдай. Оны да үй жағдайында емдеуге болады.

  • Мақта матаны немесе дәкені салқын айранға малып алып, күйген теріге басыңыз. Емді әр 2 сағат сайын үзбей жүргізсеңіз, нәтижесі керемет болады.
  • Шағын ыдысқа шырғанақ (облепиха) және күнбағыс майын, ара балауызын 3:3:1 есебімен қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны күйген теріге жағыңыз.

Емді тәулігіне 4 рет қайталайсыз.

  • 1 дана орташа көлемдегі пиязды суға салып, қайнатасыз. Сосын блендермен езіңіз. Езбеге зығыр майын араластырып, қабатталған дәкеге саласыз. Дәкені күйген теріге таңып, сыртынан орап қойыңыз. Емді тәулігіне 3 рет жасау керек.


Жоғарыда ұсынылған емнің қай қайсысы болса да жарақатыңызға дауа болады. Бастысы емді дер кезінде бастап, үзбей жалғастыру керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: m.ilive.com.ua


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ӘЙЕЛДЕРДІ мазалайтын 7 ҚАУІПТІ ауру


МАСТОПАТИЯНЫ емдеу үшін ГРЕК ЖАҢҒАҒЫН жеңіз


САУ болғыңыз келсе СУ ішіңіз – дәрігер