​ТҰМАУДЫ 7 түрлі ТӘТТІМЕН емдеуге болады

0
6 683

Тұмауды тәттімен "тұншықтырыңыз"...


​ТҰМАУДЫ 7 түрлі ТӘТТІМЕН емдеуге болады

фото: espoirbeauty.com

Бүгінгі тұмаумен күресуде бір-екі дәрінің күші қауқарсыз болып тұр. Тіпті, дәрігерлер де түрлі дәрілерді сынап көруде. Өйткені 5-7 күн дәрі ішіп немесе 3-5 күн ине салдырып, тұмауды емдейтін кездер алыстаған сыңайлы. Суықтап ауыра қалсақ үйдегі ата-анамыз да, дәрігерлер де тәттілерді үзілді-кесілді тиятын. Ал бүгінгі тұмауға керісінше тәттілер ем көрінеді. Ал, ендеше, байқап көрейік.


1. ЦИТРУСТЫ ЖЕМІСТЕР

Денсаулығын бағалайтын кез келген жан әр мезгіл ауысқан сайын иммунитетіне көңіл бөледі. Өйткені ағзамызды аурудан, вирустан, инфекциядан иммунитет қорғайды. Сіз де ең алдымен иммундық жүйеңізді нығайтып алыңыз. Ол үшін құрамы органикалық қышқылға, фитонцид заттегіне, С және Р дәрумендеріне бай цитрусты жемістерді үзбей жеңіз.

1. Күніне міндетті түрде 1 дана апельсин жеуге әдеттеніңіз.

2. Бір дана лимонды дәндерінен тазалап алып, еттартқыштан өткізіңіз. Оған 50 гр. еттартқыштан өткізілген кептірілген өрікті қосыңыз. Езбеге 2 ас қасық бал мен 100 гр. ерітілген сары май қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған емдік қоспаны шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қоясыз. Емдік қасиеті мол езбені 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдау керек.

Ескеріңіз, қоспаны бірден жұтпайсыз, керісінше асықпай шайнаңыз.


2. ЖИДЕК ЕЗБЕСІ


фото: yandex.ru

Суықтан сақтану үшін мына қоспаны әзірлеңіз. Дайындау үшін:

  • 200 гр. мүжидек (клюква)
  • 200 гр. қара қарақат
  • 100 гр. таңқурай
  • 5 ас қасық шекер
  • 3 ас қасық бал керек.

Жидектердің бәрін еттартқыштан немесе блендермен езіп аласыз. Оған шекер мен бал қосып, мұқият араластырыңыз. Қоспаны шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышқа қою керек. Бір тәуліктен соң дайын болған емдік қоспаны тамақтанудан алдын 2 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдаңыз.


3. БАЛ ҚОСЫЛҒАН СҮТ

Бұл тамаша сұйықтық ағзаны инфекциядан 99 пайызға қорғайды. БАЛ – бактерия мен вирустың көзін жойса, ал СҮТ – иммундық жүйе мен асқорыту жолдарын жақсартады. Суықтамаудың жолдарын қарастырып, иммунитетіңізді нығайтқыңыз келсе, мына әдісті қолданыңыз.

- Жарты стақан сүтті жылытасыз. Оған 1 ас қасық бал араластырып, аз-аз жұтымнан ішесіз. Сосын жылы оранып, 15 минуттай жатыңыз. Емделу мерзімі – күніне 3 рет.


4. ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН КОКТЕЙЛЬ


Әлсіреген ағзаға осы коктейль дауа болады. Құрамы C, B1, B2, PP дәрумендеріне және илік заттектер (дубильные вещества) мен пайдалы қышқылға бай бұл емдік сусын ағзаны қуаттандырып, иммунитетіңізді көтереді. Ол үшін қабығынан тазартылған 200 гр. грек жаңғағын еттартқыштан өткізесіз. Оған 50 гр. алоэ шырыны мен 150 гр. жөке балын араластырыңыз. Дайын болған қоспаны 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдаңыз. Емді тамақтан соң жүргізесіз.


5. БАНАН

Өзі пайдалы әрі жұмсақ жеміс тамақ ауруы мен жөтелге ем. Тіпті, суыққа қарсы шипа болатын да қасиеті жоқ емес. Ем үшін 2 дана таза піскен бананды шанышқының көмегімен езесіз. Оны ыдыстағы 1 стақан қайнаған суға салып, отқа қойыңыз. 5 минуттай баяу отта қайнату керек. Белгіленген уақыттан соң ыдысты оттан аласыз. Аздап салқындаған кезде 2 ас қасық бал мен 3 дана қалампырды қосыңыз. Езбе салқындаған кезде мұқият араластырасыз да аз-аз жұтымнан ішке қабылдайсыз. Бұл жөтелдің кез келген түрін емдейді, суықтан қорғайды әрі иммунитетіңізді көтереді.


6. АЩЫ ШОКОЛАД


50 гр. ащы шоколадты ыдысқа саласыз. Ыдысымен ыстық су құйылған кеңдеу ыдысқа салып, ерітіңіз. Еріген тәттіге 2 ас қасық грейпфрут шырынын, бір шымшым даршын (корица) және 5 ас қасық сүт қосасыз. Дайын болған емдік сусынды жылы күйінде таңертең және түсте тамақтан кейін ішесіз.


7. ІНЖІР

Кептірілген інжір адам ағзасы үшін пайдалы заттардың қайнар көзі болып табылады. Сонымен қатар қызуды басып, қақырықты түсіретін қасиетке ие. Әсіресе тамақ ауырып, дауыс қарлыққан кезде таптырмайтын емдік әдіс екенін ұмытпаңыз.

Ал суықты емдеу үшін 8 дана кептірілген жидекті ұсақтап турап, ыдыстағы 1 стақан сүтке саласыз. Оны 10 минуттай баяу отта қайнатыңыз. Салқындаған соң 1 шай қасық сары май араластырып, ішесіз. Емді ұйқыға жатар кезде қабылдаған жөн.


Суықтаған кезде сызып тастайтын осы тәттілер тұмауға керемет ем болатыны анықталыпты. Байқап көріңіз. Ем болсын!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: sovetik.club


Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз: