Мына 4 дәрілік шөптің көмегімен тұмаудың алдын алуға болады

0
3 618

Иммунитетті күшейтіп, кез-келген вирусқа қарсы тұра алатындай етіңіз.


Мына 4 дәрілік шөптің көмегімен тұмаудың алдын алуға болады

Қыс мезгілінде тұмаумен ауыратындардың саны көбейеді. Әсіресе ауа-райы күрт суытып, артынша жылынған кезде вирустың өршитіні анық. Сондықтан да ағзаны осындай мезгілдерге дайындаған дұрыс. Иммунитетті нығайтып, кез-келген вирусқа қарсы тұра алатындай етуге болады.

Ерте заманда дәрі-дәрмектің орнына аурудың алдын алу мақсатында өсімдіктер мен дәмдеуіштерді пайдаланған екен. Емдік қасиеті бар шөптерді тағамға қосу арқылы ағзаны нығайтып, жұқпалы аурулардың алдын алған. Бұл дәмдеуіштер антиоксиданттар мен дәрумендерге бай.


Сәлбен (шалфей)

Қарапайым сәлбен А, Е, К, РР тобындағы дәрумендерге, омега-6 майлы ьқышқылына, калий, магний, темір, мырыш сынды микроэлементтерге бай өсімдіктердің бірі. Сонымен қатар сәлбеннен эфир майларын да алуға болады. Сәлбенді қызыл иек қабынғанда, тамақ ауырғанда емдік шөп ретінде пайдаланған.

Оның мұндай пайдалы әсерлерін ғалымдар зерттеп, дәлелдеп те қойған.

Мамандар сәлбеннің балғын түрін пайдалануға кеңес береді. Оның кептірілгенін тағамдарға дәмдеуіш ретінде қосыңыз. Дегенмен балғын сәлбеннің бойындағы майлар оның емдік қасиетін арттыратынын ұмытпау керек.

Сәлбен – ең керемет хош иістендіргіш болумен қатар, суықтап ауырудың алдын алатын жақсы көмекші. Осындай ерекше өсімдікті тағамдарға қосуға және шай орнына демдеп ішуге болады.


Даршын

Даршын альфа-бета каротин, лютеин, ниацин, ликопин, бетаин заттары мен А, В1, В4, В5, В6, В9, С, Е, К, РР дәрумендеріне бай. Бұл құраммен даршын дәмдеуіші тек иммунитетті нығайтып қоймай, барлық ағзаға жағымды әсер етеді. Сондай-ақ даршын адам үшін өмірлік маңызы бар кальций, натрий, фосфор, темір, мырыш, мыс, селен, марганец сынды элементтермен де толыққан. Осындай пайдалы заттардың арқасында бұл өсімдік әйелдердің ағзасына да айтарлықтай оң әсер ете алады. Мысалы, даршын әйелдер ағзасының тонусын көтеріп, етеккір келуін қалыпты етеді. Сонымен қатар депрессия мен стрестік жағдайларда өзіңізді басуға, жүйке жүйені тыныштандыруға керекмет құрал.

Даршын тек әйелдерге ғана емес, еркектер ағзасына да пайдалы екен. Ер-азаматтардың сексуалдық «тәбетін ашып», еркектік қуатын арттырады. Бұдан бөлек, даршынның хош иісі сезімталдықты оятатын табиғи құрал іспетті. Себебі оның иісін сезген еркектің төсекке деген белсенділігі оянып, жыныс бездерінің жұмысы жақсарады екен.

Ал даршын ең мықты антиоксидант болғандықтан суық күнде тоңбауға көмектескенімен қоймай, тұмауратудың алдын алады. Даршынды дәмдеуіш ретінде түрлі тағамдарға қосуға болады. Осылайша оның құрамындағы барлық пайдалы заттарын алуға болады.


Гүлшетен

Гүлшетен де даршыннан қалыспайтын күшті антиоксидант болып табылады. Әлсіреген иммунитетті көтеріп, инсульттің алдын алатын қасиетке ие. Сонымен бірге Альцгеймер ауруына шалдығуға да жол бермейді.

Гүлшетен тағамның дәмін келтіретін жақсы дәмдеуіш те бола алады. Әсіресе еттен, тауық етінен, картоптан дайындалған тағамдармен керемет үйлесім табады дейді мамандар. Гүлшетенді пайдаланар алдында майдалап турап, содан кейін тағамға қосқан дұрыс. Сонда оның бойындағы емдік майлары тағамға тез сіңеді.

Гүлшетен көптеген пайдалы заттардан тұрады: А, С, В тобындағы дәрумендер мен кальций, калий, фосфор, магний, натрий, темір.

Ең біріншіден, аталмыш өсімдік иммунитетті көтеріп, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Бүкіл ағзаға жағымды әсер ететін гүлшетен өсімдігі сырттан келетін вирустарға қарсы тұруға организмді дайындайды. Сол себепті де гүлшетенді суық мезгілде аурудың алдын алатын күшті құрал деп еш кедергісіз айта аламыз.

Пайдаланар алдында гүлшетенді майдалап турайды немесе еттартқыштан өткізіп алған дұрыс. Оны шайға қосуға және де даршынмен бірге пісірмелерге дәмдеуіш ретінде пайдалануға болады.


Жұпар жаңғағы (мускатный орех)

Бактерияға қарсы күресе алатын бірден-бір өсімдіктердің бірі. Сонымен қатар, жұпар жаңғағын суық тиюдің алдын алу үшін пайдаланса да жақсы нәтиже береді. Кей жағдайларда бұл жаңғақты ішек аурулары кезінде жеуге де кеңес береді.

Жұпар жаңғағының пайдалы әсерін алу үшін оны сүтке немесе кофеге қосқан дұрыс. Жаңғақтың кішкентай бөлігін сорпаға немесе рагу тағамына қосса, дәмін кіргізіп, әдемі иісін де сезесіз.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ЖИІ ЖЕП ТҰРЫҢЫЗ: БҰЛАР ағзаны ТАЗАЛАЙДЫ