​КӨК пияздың ШЫРЫНЫ аяқтағы МҮЙІЗГЕКТІ кетіреді

0
12 157

Емді бір-ақ түн жасайсыз.


​КӨК пияздың ШЫРЫНЫ аяқтағы МҮЙІЗГЕКТІ кетіреді

фото: semidelicatebalance.com

Мүйізгек (мозоль) – терінің зақымдануынан пайда болатын жара. Көбінесе аяқ киімнің тарлығынан, тым биіктігінен немесе ыңғайсыздығынан шығады. Мүйізгек шыққан аяққа арқасы жабық ешқандай аяқкиім кие алмайсыз. Тек сылпылдақпен ғана жүруге болады. Өзі кішкентай болғанымен жаныңа батып ауыртатын жараны бір күнде жоқ қылуға болады екен. Ол үшін мына қарапайым ғана әдісті қолданып көріңіз.


ПИЯЗ

  • Көк пияздың сабағын өте ұсақтап турап, әбден езесіз. Езбені аяққа немесе саусақ арасына шыққан мүйізгекке, жараға жақсаңыз, бір-ақ күнде нәтижесін көресіз.
  • 2 шай қасық пияз шырыны мен 1 шай қасық сірке суды араластырып, отқа күймейтін ыдысқа құясыз. Ыдысты отқа қойып, 10 минуттай баяу отта қайнатасыз. Осы уақыт өткен соң қайнатпаны оттан алыңыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, мүйізгекке жағыңыз.
  • 5 дана пияздың қабығын кеңдеу ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан сірке суды құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 2 аптадан соң тұнбаны сүзіп алып, аяқтың жарақаттанған тұсына жағыңыз. Емді күніне бірнеше рет қайталауға болады.

Пияз – мүйізгекті бір немесе екі күнде емдеп жазатын керемет дәрі екенін ескеріңіз.

фото: egeriya.ru

САРЫМСАҚ

  • Сарымсақтың бір тісін аласыз. Оны жұқа кесіп, мүйізгектің үстіне қойыңыз. Сыртынан пластырь жабыстырасыз. Емді күніне 1 рет 1 апта жүргізесіз. Емді бастаудан алдын аяғыңызды ыстық суға салып, бұлау жасау керек.
  • Бірнеше тіс сарымсақты пешке қойып, пісіріңіз. Сосын жақсылап езіп сары маймен (ерітілген құйрық немесе қаймақ) араластырасыз. Дайын болған езбені жараға таңып қоясыз. Емді бірнеше күн жүргізуге болады.

Піскен сарымсақтың орнына сүтке қайнатылған сарымсақ та жарайды.

  • Кешке үйге келген соң аяғыңызды тұзды суға салып бұлау жасаңыз. 15-20 минуттай отырған соң аяғыңызды құрғатып сүртіп, жараға сарымсақ шырынына малынған мақтаны қоясыз. Осылайша 12-15 күн жасасаңыз, мүйізгектің ізі де қалмайды.


АЛОЭ

Бір дана алоэ жапырағын қақ ортасынан екіге бөліңіз. Бір бөлігін жараға таңып, сыртынан дәке байлап қоясыз. Таңертең шешіп, алоэ жапырағын тастайсыз. Беті қарайған жараға майлы крем жағып қойыңыз. Емді 2-3 күн күн қатарынан жүргізсеңіз, үшінші күні-ақ нәтижесін байқайсыз.

фото: plus.kapanlagi.com


САБЫН

Үлкен ыдысқа 1 литр жылымық су құясыз. Оған 1 шай қасық тұз бен 1 шай қасық үгілген кір сабынды араластырыңыз. Дайын болған емдік суға аяғыңызды салып, 15 минут отырасыз. Белгіленген уақыттан соң аяғыңызды таза сумен шайып, құрғатып сүртіңіз. Артынан нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз.


АРА ЖЕЛІМІ

Емді бастаудан алдын 10-15 минут аяғыңызды жылы суға салып, бұлау қабылдаңыз. Артынан аяғыңызды құрғатып сүртіп, таза табиғи ара желімін жараға таңып, сыртынан бинт байлап қоясыз. Осылайша 5 күн жасасаңыз, жарақаттың ізі де байқалмайды.

Емді күніне 3 рет жасауға да болады.


КАРТОП

  • Ем үшін бізге ескі картоп керек. Көкөністі жұқа етіп кесіп аласыз, ал қызанақты тіліке бөлесіз. Екеуін араластырып, мүйізгекке жағыңыз. Бұл қоспа жараның бетін жұмсартып, тез жазылуына ықпал етеді.
  • 0,5 стақан үгілген картоп пен 1 ас қасық балды араластырасыз. Дайын болған емдік қоспаны жараға жағып, жатыңыз. Емді күніне 1 рет жүргізсеңіз жеткілікті болады.
  • 1 дана картопты үккіштен өткізесіз. Оған ұсақтап туралған пияз бен алоэ жапырағын араластырып, жараға жағасыз. Шамамен 15-20 минуттан соң компресті сабынды сумен жуып тазалаңыз.

фото: cosmetican.ru


МАРГАНЕЦ ерітіндісі

Кеңдеу ыдысқа 2 литр жылымық су құйыңыз. Оған пышақтың ұшымен марганец ерітіндісі мен шым-шым тұз араластырып, аяғыңызға бұлау жасайсыз. Шамамен 15-20 минуттай отырған соң аяғыңызды құрғатып сүртіп, жараға йод жағасыз.


ҚЫЛҚАНДЫ ағаш

мүйізгекті бір күнде-ақ кетіретін ем түрімен танысыңыз. Ол үшін қылқанды ағашты кесіп алып, жараға таңасыз. Сыртынан лейкопластыр жабыстырып қойсаңыз жеткілікті. Бұл емнен соң мүйізгек бір тәулікте жоқ болады.


ІНЖІР

Інжірдің сүтін мүйізгекке жақсаңыз табанда жазылады. Емді бір-ақ түн жүргізесіз. Сұйықтықты жарақатқа сіңдіріп жағып, төсекке жатыңыз. Таңертең керемет нәтижесін көресіз.


Біз ұсынған бұл ем көктем, күзде өте қажет болады. Оқып, жадыңызда сақтап алыңыз. Керек болса, өзгелермен де бөлісіп жүріңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: lecar.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына ЖЕТІ ауру мазалағанда АПЕЛЬСИН қабығын қолданыңыз


Себепсіз ЖЫЛАУ мына БЕС аурудың белгісі


Кімге ОРАЗА ұстауға БОЛМАЙДЫ?