Бойыңызды ӘЛСІЗДІК билесе ЖАЛБЫЗ көмектеседі

0
4 842

Жалбызды қалай қолдану керек?


Бойыңызды ӘЛСІЗДІК билесе ЖАЛБЫЗ көмектеседі

Фото: 123ru.net

Авитаминоз – қауіпті дерт емес. Иә көпшілігіміз осылай ойлаймыз. Алайда арнайы емдеуді қажет етпесе де түрлі аурудың асқынуына жол ашып береді. Басымыз айналып, көзіміз қарауытса, жұмыс істеуге қабілетімізді жойса, бойымызды енжарлық пен әлсіздік билеген уақытта көктем әсер етіп жатыр деп жылы жауып қоямыз. Бірақ көктемгі әлсіздік авитаминоздың салдарынан бой береді. Оның алдын алу үшін ағзамызды дәрумендер мен минералды заттарға байытуға тиіспіз. Ағзамызды әлдендіріп, бойымызға шымырлық сыйлағымыз келсе, дәріханадағы дәрумендер жиынтығын сатып алуға асықпаңыз. Орнына біз ұсынған мына рецептке көңіл бөліп, байқап көріңіз. Нәтижесіне өзіңіз-ақ таң қаласыз.


БҮРГЕН ТҰНБАСЫ


фото: yandex.com

1 ас қасық ұнтақталған бүргенді (калина) 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 4 сағаттан соң сүзіп алып, жарты стақаннан тәулігіне 2 рет ішіңіз.


ИТМҰРЫН ТҰНБАСЫ

  • Ыдысқа 1 литр таза су құйыңыз. Оған 5 ас қасық ұнтақталған итмұрынды (шиповник) салып, 10 минуттай баяу отта қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң отын сөндіріп, ыдысты жылы орап қоясыз. Шамамен 8 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, шай ретінде кез келген уақытта іше бересіз.
  • Немесе дәріханада итмұрын шәрбаты сатылады. Тұнбаны дайындауға уақыт тапшы болса, осы шәрбаттың көмегіне жүгініңіз. Шәрбатты таңертең ашқарынға 1 ас қасық ішесіз. Тәбетіңіз тартпаса 1 шыны жылы суға қосып ішуге болады.


ШЕТЕН ТҰНБАСЫ

Эмаль ыдысқа 2 стақан су құйып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, 2 ас қасық ұнтақталған шетен (рябина) жидегін салыңыз. 15 минуттай қайнаған соң тұнбаны сүзіп аласыз. Дайын болған емдік сусынды шай ретінде қалаған уақытта ішуге болады.


ТАҢҚУРАЙ ЖАПЫРАҒЫ


фото: родное-луговое.рф

Таңқурай, қарақат, итбүлдірген және итмұрын жапырағынан бірдей көлемде аласыз. Оны жақсылап ұнтақтаңыз. Сосын ұнтақтың 1 ас қасығын термосқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, тұндырып қоясыз. Шамамен 8 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 50 мл-ден қабылдайсыз. Емші күніне 4 рет жүргізу керек.


ЖАЛБЫЗ ЖАПЫРАҒЫ

Қалақай (крапива), жалбыз (мята), таңқурай және қара қарақат, шетен, өгейшөп (мать-и-мачеха) және киікоты (душица) шөптерінен бірдей көлемде алып, жақсылап ұнтақтаңыз. Ұнтақты бір ыдысқа салып, мұқият араластыру керек. Араласқан ұнтақтың 1 ас қасығын термосқа салыңыз. Үстіне 200 мл қайнаған су құйып, тұндырып қоясыз. Шамамен 2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 50 мл-ден ішесіз. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдау керек.


ҚАЙЫҢ ЖАПЫРАҒЫ

Алдымен жапырақты тазалап жуып, ұсақтап турайсыз. 500 мл қайнаған суға 100 гр. ұнтақталған жапырақты салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 4 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 стақаннан ішке қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.


Мына азықтар авитаминоздың алдын алады


фото: newstime.in.ua

- Сүт өнімдерін, балғын балық пен бауырды, сұлы, қарақұмық, арпа және бидай дәндерінен дайындалған ботқаны көбірек жеңіз. Көкөністен дайындалған салатқа лимон қышқылын қоссаңыз, пайдалылығын арттыра түседі.

- Міндетті түрді дәруменге бай морс дайындап ішіңіз. Бірақ сусынды қайнатуға болмайды. Тек қайнауға дейін жеткізсеңіз жетіп жатыр. Негізінде кез келген жидектен морс әзірлейтін болсаңыз, белгілі бір жидекті мөлшерлеп аласыз. Оны тазалап жуып, ыдысқа салыңыз. Үстіне қайнаған су құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Сусын аздап салқындаған кезде сүзіп алыңыз. Татымына қарай шекер немесе бал араластырып, ішесіз.

- Аптасына 2 рет сәбіз шырынын ішуге әдеттеніңіз. Оған қоса, 2-3 сәбізді тазалап жуып, үккіштен өткізіңіз. Оған майлылығы 20 проценттік қаймақ араластырып, 5-6 қасықтан жейсіз. Сәбіз қоспасына аздап қырыққабат араластырсаңыз, емдік қасиеті арта түседі. Қырыққабаттың құрамындағы С дәрумені лимонға қарағанда көбірек екенін есіңізге саламыз!

- Күніне 10-15 минут күн сәулесін қабылдаңыз. Уақытыңыздың басым бөлігін таза ауада өткізсеңіз, саулығыңызға айтарлықтай септігін тигізеді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөзінен алынды


Аударған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҰЙҚЫ БЕЗІ ауруын МЫНА ТӨРТ әдіс ЕМДЕЙДІ


Бетіңізге БӨРТПЕ шықса ҚАЙ АҒЗАНЫ емдеу керек?