Журналист Махамбет Абжан екі айға қамауға алынды

0
694

Қазақстандық журналист Махамбет Абжан 3 шілде күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен ұсталды.


Журналист Махамбет Абжан екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Күдікті журналист және блогер Махамбет Абжан екі айға қамауға алынды, деп жазады sputnik.kz.

Бұлтартпау шарасын таңдау соты бес сағаттан астам уақытқа созылды.
Қазақстандық журналист Махамбет Абжан 3 шілде күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен ұсталды. Антикор мәлімдегендей, Махамбет Абжанды ұстауға кәсіпкерлерді бопсалауы себеп болған.
Желіде журналистің ұсталғаны туралы бейнежазба пайда болды.
Махамбет Абжан желілік басылым ашқан. Оның мақсаты "Инсайдерлер, тергеулер, репортаждар" деп көрсетілген. Telegram-да Абжан каналына 19 мыңға жуық адам жазылған.