Жүкті әйелдер үйде босанады деген қауесет тарады: Біртанов не дейді?

0
847

Қазақстан астанасы мен Алматыдағы перзентханалар қалыпты режимде жұмыс істейді, деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.


Жүкті әйелдер үйде босанады деген қауесет тарады: Біртанов не дейді?

ERNUR.KZ. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов карантинге байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүкті әйелдер үйде босанады деген қауесетті жоққа шығарды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Жүкті әйелдерге қатысты ақпарат жалған. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы барлық медициналық орталық, перзентханалар қалыпты жоспарлы режимде жұмыс істейді. Қажет болған кезде жүкті әйелдер жедел жәрдеммен немесе өздері перзентханаға бара алады", - деді министр дүйсенбідегі брифингте.
Ол сонымен қатар, қазақстандық зертханалар жедел тестер арқылы коронавирус диагностикасының көлемін екі есеге арттыра алатынын атап өтті. Тағы 300 мың тест сатып алынды, Қазақстанда барлығы 600 мың экспресс-тест сатып алынады, сонымен қатар жаңа зертханалар іске қосылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 308 адамға жетті, 21 науқас емделіп шықты, бір әйел қайтыс болды.