Жезқазғанда екі бойжеткен дүкеннен виски ұрлап ұсталды

0
686

21 жастағы бойжеткен алаяқтық жасағанын мойындады.


Жезқазғанда екі бойжеткен дүкеннен виски ұрлап ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында дүкеннен виски ұрлаған екі қыз ұсталды, деп жазады polisia.kz.

27 қарашада Қарағанды облысының Жезқазған қаласы Полиция басқармасына қала дүкендерінің бірінде ұрлық болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Келтірілген шығын 17 мың теңгені құрады. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 22 және 27 жастағы екі қызды ұстады.

Олар қылмысын мойындап, қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.