Жетісу облысында қызғаншақ еркек әйелін ұрып өлтірді

0
401

Жәбірленуші өзінің 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің малын баққан.


Жетісу облысында қызғаншақ еркек әйелін ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып өлтірген, деп жазады exk.kz.

Қайғылы оқиғы Қаратал ауданы Жанаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде тіркелген.

26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленуші өзінің 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің малын баққан. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған.

"Қонақтардың бірінен әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан. Әйел ауыр соққыдан оқиға орнында көз жұмған. Жәбірленушінің жұбайын полиция қызметкерлері ұстап, қамаққа алды", - делінген хабарламада.

Аталған дерекке сәйкес, тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.