​Жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған - ІІМ

0
553

Бір апта ішінде 2870 қылмыс жасалып, оның 1702-сі тәулік ішінде ашылған.


​Жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған - ІІМ

ERNUR.KZ. Өткен аптада республикада 2800-ден астам қылмыс жасалған, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2870 қылмыс жасалды, оның 1702-сі тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.
Айтуынша, тәртіп сақшылары «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.
Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 32 тонау және 392 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.