Жамбыл облысында дәрігерлер оқушы қызды азғырды деген күдікке ілінді

0
700

Күдіктілер медицина қызметкерлері болып жұмыс істейді.


Жамбыл облысында дәрігерлер оқушы қызды азғырды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. 27 шілдеде Байзақ ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын екі ер адамның кәмелетке толмаған қызын азғырғанын айтып арызданған, деп жазады Stan.kz.

Аймақтық полиция департаментінің дерегінше, жедел-іздестіру жұмыстары кезінде сол ауданның екі тұрғыны анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

“Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, - делінген ақпаратта.

Orda.kz сайтының жазуынша, күдіктілер медицина қызметкерлері болып жұмыс істейді.