ҰҚШҰ елдегі жағдай тұрақталғанша жұмысын жалғастырады

0
451

Қазақстан Республикасының аумағында жағдай тұрақталуда және билік органдарының бақылауында.


ҰҚШҰ елдегі жағдай тұрақталғанша жұмысын жалғастырады

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы бірлескен мәлімдеме жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мәлімдеме мәтіні Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған. Қорғаныс министрі міндетін атқарушының орынбасары Сұлтан Камалетдиновтің айтуынша Қазақстан аумағында терроризмге қарсы күрес шаралары лаңкестер толық жойылғанша жалғасады. Қазақстан Республикасының аумағында жағдай тұрақталуда және билік органдарының бақылауында.

ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қолбасшысы Андрей Сердюков Алматыда демалыста немесе туыстарының жанында жүрген Ресей азаматтарын ұшақпен отанына жіберу ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

«ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес ұжымдық бітімгершілік күштер Қазақстан Республикасының аумағында орналасуын аяқтады. Қазіргі уақытта бітімгершілік күштер бөлімшесі маңызды мемлекеттік, әскери және әлеуметтік маңызы бар нысандарды қорғау жөніндегі міндеттерді орындауда. Әскери контингенттерді жедел орналастыру және қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешкені үшін Қазақстан тарапына ризашылығымды білдіремін. Ресей Әскери-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтары Ресей Федерациясының аумағына оралуға ниет білдірген Алматы қаласында демалыста немесе туыстарының жанында жүрген Ресей азаматтарын жіберуді ұйымдастырды. Ұжымдық бітімгершілік күштер бөлімшелерінің міндеттерді орындауы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасатын болады», - деді Андрей Сердюков.