ҰБТ-дан 50 балл жинағандар әскери оқу орнына түсе алады

0
540

Институттарға қабылдау 8 тамызда жүргізіледі.


ҰБТ-дан 50 балл жинағандар әскери оқу орнына түсе алады

ERNUR.KZ. ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинағандар әскери оқу орнына түсе алады, деп жазады baq.kz.

Енді ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов осы оқу орындарына қашан түсуге болатыны және қандай құжаттар талап етілетінін айтып берді.

Азаматтар әскери институттарға оқуға түсу үшін қабылданатын жылдың 30 сәуіріне дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органының бастығына өтініш береді. Сонымен қатар денсаулығы бойынша оқуға жарамдылығы туралы анықтама, ҰБТ-ның 5 пәнінен кемінде 50 балл жинағандар (оның ішінде негізгі пәндердің бірінен кемінде 7 балл және қалаған пәндердің әрқайсысынан кемінде 4 балл) әскери институтқа құжаттарды қабылдау жылын қоса алғанда 15-20 шілде аралығында тапсыруы қажет, - деп түсіндірді ол брифингте.

Қабылдау кезеңінде талапкерлер әскери институттардың аумағында орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.

Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарына қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

I кезең – кәсіби психологиялық іріктеу;

II кезең – әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес қорытынды медициналық тексеру;

III кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

IV кезең – конкурстық іріктеу және қабылдау.

Талапкер қабылдаудың әрбір кезеңінен өтуіне бір рет рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген талапкер келесі кезеңге жіберілмейді. Қорытынды медициналық тексеру талапкерлердің денсаулығына байланысты әскери институтта оқуға жарамдылығын анықтауды қамтиды және оны әскери дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылған медициналық комиссия жүзеге асырады, - деп түсіндірді Жұмабек Ахметов.

Қабылдау комиссиясы конкурстық іріктеуді жүзеге асырады және максимумнан минимумға дейінгі ұпайлардың рейтингін құрастыруды қамтиды. Рейтинг әскери институттың қабылдау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.

Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 6 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және әскери институттың интернет-ресурсында орналастырылады. Институттарға қабылдау 8 тамызда жүргізіледі.