ТЖМ: Абай облысында 3500 га аумақты шарпыған өрт оқшауланды

0
551

Өртті оқшаулаудың жалпы ауданы шамамен 3500 га құрады.


ТЖМ: Абай облысында 3500 га аумақты шарпыған өрт оқшауланды

ERNUR.KZ. ТЖМ Абай облысындағы өрт 25 мамыр күні кешке оқшауланғанын мәлім етті, деп жазады baq.kz.

"Әуе және жерүсті техникасын қолдана отырып, шұғыл қабылданған шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы бөлімшелердің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде Абай облысындағы табиғи өртті 25 мамыр күні кешке оқшаулауға мүмкіндік туды. ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес жергілікті жерге тұрақты аэровизуалды тексеру жалғастырылуда. Өрт орнында рюкзактар мен мүмкіндік құралдарын қолдана отырып, қарауылдау ұйымдастырылған. Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 800-ден астам адамы, 200-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған. Сондай-ақ 10 тікұшақ: ТЖМ-5, Қорғанысмині-3, Экология министрлігі -2. Барлығы 357 892,5 тонна су төгілді", - делінген хабарламада.

Өртті оқшаулаудың жалпы ауданы шамамен 3500 га құрады.

Секундына 6-10 метр екпінді желдің болуы салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлердің болуы да өрттің өршуіне әсер етуде.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, техника мен жеке құрам жануды жою үшін жедел ден қоюды жалғастыруға дайын.

Айта кетейік, 22 мамырда Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан "Семей орманы" МОТР аумағында орман өртенді. Облыстағы өрт шамамен 3500 гектар жерді шарпыды. Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Сонымен қатар ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысы Бородулиха ауданында табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізіп, елді мекендерге төнген қауіп жойылғанын мәлім етті. Бұдан бөлек өртті сөндіруге елордалық құтқарушылар көмекке аттанды. Сондай-ақ Абай облысындағы өртке байланысты Бородулиха орталығында 3 эвакуациялық пункт ашылғаны белгілі болды. Кейіннен Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланды.