Түркиядағы зілзала: Қазақстандық құтқарушылардың иті үйінді астынан адам іздеуге көмектесіп жүр

0
484

Джейкоб есімді ит тірі адамның үйінділердің астында болуы мүмкін екендігі туралы белгі береді.


Түркиядағы зілзала: Қазақстандық құтқарушылардың иті үйінді астынан адам іздеуге көмектесіп жүр

фото: inform.kz.

Түркияда жер сілкінген аймақта жұмыс істеп жатқан қазақстандық құтқарушыларды тағы бір нысанға тарту туралы шешім қабылданды. Бұл - іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан учаскелердің жанында орналасқан толығымен қираған үй, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл нысанда ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептобының Джейкоб есімді иті тірі адамның үйінділердің астында болуы мүмкін екендігі туралы белгі берді.

Джейкобтың белгісі негізінде «тыныштық минутын» жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл уақыт көмек сұраған кезде адамдардың үйінділердің астындағы дауыстарын естуге мүмкіндік береді.

«Джейкоб - нағыз дос, малинуа тұқымының иті. Төтенше жағдайға тап болған адамдарға қаншама рет көмектескен. 6 жыл бойы құтқарушы болып жұмыс істейді»,- делінген хабарламада.