Түркиядағы жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық жоғалып кетті

0
815

Жоғалған азамат — Түркияға жұмыс істеуге барған қыз бала екені айтылды.


Түркиядағы жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Түркияда жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен тағы бір қазақстандық азамат іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады stan.kz.

“Тағы бір Қазақстан азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептелуде. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған. Тұратын жері - Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің жедел желісіне хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігінін қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп, оны іздестіріп жатыр. Көршілерінің айтуынша, үй қираған кезде ол іште болған. Жақсы хабар күтудеміз”, - деді Айбек Смадияров.

Жоғалған азамат — Түркияға жұмыс істеуге барған қыз бала екені айтылды. Ал қалған ақпаратты министрлік туыстарының өтініші бойынша жариялай алмайтындарын мәлімдеді.