Түркиядағы жер сілкінісі: 2 қазақстандық болуы мүмкін үйінді аршылып жатыр

0
769

Ресми дерекке сәйкес, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды.


Түркиядағы жер сілкінісі: 2 қазақстандық болуы мүмкін үйінді аршылып жатыр

ERNUR.KZ. Түркияда хабарсыз кеткен қазақстандықтар Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбековты құтқару қайта жанданды. Үйінділерді қазу үшін арнайы кран жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев айтты.

Бұған дейін Мағжан Мәдиев Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбековтың локациясы табылғанын, олардың үйінді астында жабуы әбден мүмкін екенін жазған еді.

«Үйінді астында тірі адамдар жатса да, қазба жұмыстары баяу жүріп жатыр. Техника, кран керек, құтқаруды тездететін адам күші керек. Мұнда әрбір минут маңызды», - деп жазды М. Мәдиев өзінің Telegram парақшасында.

Мағжан Мәдиев жоғалғандарды іздеу үшін Хатай өңіріне өзі барған.

Кеше олармен бірге болған Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылған еді. Сабинаның қолы сынған және ауруханаға жеткізілді.

Ресми дерекке сәйкес, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды. Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.

Қазақстан құтқарушыларының екінші тобы Газиантеп қаласына жеткізілді.

Бұл ұшақ қайтар жолда Қазақстан мен Қырғызстанның 64 азаматын эвакуациялады.