Тоқаев Сингапур президентін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

0
368

Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.


Тоқаев Сингапур президентін І дәрежелі

Мемлекет басшысы Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.