Тоқаев Президент Іс басқарушысының орынбасарын тағайындады

0
522


Тоқаев Президент Іс басқарушысының орынбасарын тағайындады

ERNUR.KZ. Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады BAQ.KZ.

“Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды,” - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.