"Телефонын ломбардқа тапсырған": Оралда кәмелет жасқа толмаған бала үш күннен бері табылмай жүр

0
561

Жасөспірімнің анасы оның Зачаганск ауданындағы үйден шығып, ескі әуежай жақтағы ағасының үйіне барып, жоғалып кеткенін хабарлады.


ERNUR.KZ. Орал қаласында жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр, деп жазады stan.kz.

17 жастағы Бибол Айболұлы 15 мамырда үйден шығып, қайта оралмады. Жасөспірімнің анасы оның Зачаганск ауданындағы үйден шығып, ескі әуежай жақтағы ағасының үйіне барып, жоғалып кеткенін хабарлады.

"Ұлы бір рет үйден кетіп қалды, бірақ ол кезде бәрі ойдағыдай болды. Ол ішімдік ішпейді, темекі шекпейді, еш жерде есепте тұрған жоқ, денсаулығында да кінәрат жоқ. Жоғалғаннан кейін полицияға арыз жаздық", – деді анасы.

Полиция Бибол телефонын ломбардқа тапсырғанын білдіген.

Жоғалған күні Бибол қоңыр шалбар мен үстіне қара киім киген. Жігіттің бойы – 175 сантиметр, арық денелі.

Бибол Айболұлының қайда екені туралы қандай да бір ақпараты болса, 8 (747) 384-91-39 немесе 102 телефоны бойынша хабарлау сұралады.