Тарифімнің бағасы 2020 жылдан бері өзгерген жоқ – Бағдат Мусин

0
426

Мусин Beeline-нің мобильді интернетін қолданатынын айтты.


Тарифімнің бағасы 2020 жылдан бері өзгерген жоқ – Бағдат Мусин

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет байланысқа жұмсайтын ақшасы екі жылдан бері өзгермегенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Бүгін сенат отырысынан кейінгі брифингте журналистер министрден интернеттің сапасы мен бағасы туралы сұрады. Сосын өзі қай тарифпен жүргенін нақтылады.

Мусин Beeline-нің мобильді интернетін қолданатынын айтты. Оны бағасы екі жылдан бері өзгермеді.

"Мен 2020 жылда қанша ақша жұмсадым, қазір де солай төлеймін, интернет байланысқа кететін шығындарым бірдей қалды. Мен өзім Beeline қолданамын", - деді Мусин.