Талдықорғанда студенттерді 24 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

0
376

Талдықорған қаласында алаяқтықтың бірнеше дерегі бойынша 41 жастағы әйелге қатысты сот процесі басталды.


Талдықорғанда студенттерді 24 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды

ERNUR.KZ. Жетісу облысының тұрғындарын 24 миллион теңгеге алдаған алаяққа қатысты сот басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Талдықорған қаласында алаяқтықтың бірнеше дерегі бойынша 41 жастағы әйелге қатысты сот процесі басталды.

Қылмыстық іс материалдарында жәбірленуші ретінде 16 адам көрсетілген, олардың негізгі бөлігі 20-23 жас аралығындағы жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері.

"Талдықорған қалалық полициясының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйелді өткен жылдың соңында ұстаған. Оған қатысты "ешқайда кетпеу" және "өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу материалдарына сәйкес, дәлелденген дерек бойынша жәбірленушілерге келтірілген залал 24 миллион теңгеден асты. Ақшалай немесе тауарлық несиелер микрокредиттік ұйымдар мен екінші деңгейлі банктер арқылы ресімделген", - делінген полиция мәліметінде.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша (Алаяқтық) сараланып отыр.

Сот үкімі шыққан жоқ. Дегенмен, күдіктінің құрбандары қысқа мерзімде дәлелдер жинап, істі Фемида өкілдерінің қарауына жіберген қалалық полиция тергеушісіне алғыс білдірді.

"Осы фактіге қатысты қоғамның наразылығын ескере отырып, қылмыстық істі тергеу облыстық полиция мен қадағалау органының ерекше бақылауында болды. Істі сотқа жібергеннен кейін жәбірленушілер қоғам наразылығына ілінген істі тергеп-тексеруде объективтілік танытқаны үшін тергеуші Надия Нұралиноваға алғысын білдірді", – деді Талдықорған қаласы ПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.