Сыбайлас жемқорлықты жазатын аналитик-журналистер дайындалады

0
461

Осы жылдың қыркүйек айында KAZGUU Университеті базасында «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы ашылады.


Сыбайлас жемқорлықты жазатын аналитик-журналистер дайындалады

ERNUR.KZ. Бұл туралы KAZGUU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев аталған білім беру бағдарламасының тұсаукесерінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Білім бағдарламасының тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, республикалық басылымдардың бас редакторлары және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен медиа-менеджерлер қатысты.

«Біздің зерттеулеріміз бойынша елімізде бір жыл ішінде 34 жоғары оқу орнында 1000-нан астам журналист бітіреді. Бірақ журналистика саласында қызмет ететін түлектер көрсеткіші 60%-ға жетпейді. Демек, жоғары оқу орындарында оқу процесі әлі жетілдірілмеген, әлі де қиындықтар бар. КАЗГЮУ мықты университет болғандықтан, журналистика мамандығы дер кезінде ашылуда. Алдағы уақытта жаңа мамандыққа министрлік тарапынан қолдау көрсетуге әзірміз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев.

KAZGUU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты – құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында терең білімі бар аналитик-журналист мамандар дайындау.

«Аналитикалық журналистиканың болуы жалпы әлемдік үрдіс және уақыт талабы. Аталған білім бағдарламасын таңдаған студенттер құқық, экономика саласында кең білім алып, тиісті ақпаратты іздеу, талдау және іріктеу, факт-чекинг дағдыларын меңгеріп, журналистік зерттеулер жүргізетін болады», – деп қорытындылады Талғат Нәрікбаев.