Студенттерге жаз айларында шәкіртақы төленбей ме? - министрлік жауабы

0
498

WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз мезгілінде шәкіртақы төлеу тоқтайды деген ақпарат тарады.


Студенттерге жаз айларында шәкіртақы төленбей ме? - министрлік жауабы

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

“ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.