Студенттерге кредит алдырған жатақхананың экс-коменданты сотталып жатыр

0
459

Ұлының ауруын желеулетіп, студенттерге кредит алдырған әйелге алаяқтық жасады деген айып тағылды.


Студенттерге кредит алдырған жатақхананың экс-коменданты сотталып жатыр

ERNUR.KZ. Талдықорғанда студенттердің атына кредит рәсімдеді деп айыпталған жатақхананың бұрынғы комендантының соты өтіп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Даулы оқиға өткен жылдың күзінде, 40 жастағы жатақхана коменданты науқас ұлы туралы айтып, студенттерді алаяқтық жолмен бірнеше банк пен микрокредиттік ұйымдардан тауарлық кредит алуға мәжбүрлеген кезде басталды. Студенттер принтерлерді, теледидарларды, кондиционерлерді, ұялы телефондарды және басқа да жабдықтарды кредиткеалып берген, ал әйел оларды қайта сатып отырған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні өткен жылдың соңында ұстады. Тергеу барысында әйел үйқамаққа алынды. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-тармағының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша квалификацияланды.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 16 адам зардап шеккен, олардың арасында студенттер мен жатақхана қызметкерлері бар. Жәбірленушілерге 24 миллион теңгеден астам шығын келгені белгілі болды.
"Қоғамдық резонанс тудырғанын ескере отырып, қылмыстық істі тергеуді қадағалау органы мен облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды", - деді Талдықорған қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.
Сот процесі енді ғана басталды, бірақ жәбірленушілер үкімді күтпестен, аз уақыттың ішінде дәлелді жинап, істі сотқа жолдаған қалалық полицияның тергеушісіне алғысын білдірді.