Студентіне жатақхана тауып бере алмаған оқу орыны лицензиясынан айырылады

0
537

Білім алушысын жатын орынмен жарылқай алмағандар, осылай "жазаланып", мемлекеттік тапсырыстан да қағылмақ.


Студентіне жатақхана тауып бере алмаған оқу орыны лицензиясынан айырылады

ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылынан бастап, студенттерін жатақханамен қамтамасыз етпеген оқу орындары лицензиясынан айырылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Немесе оны уақытша тоқтата тұруға тура келеді. Өйткені, бұл білім беру қызметіне қойылатын талаптарға, сәйкес келмейді. Министр Саясат Нұрбек, президент тапсырмасын орындау үшін осындай қадамға бармақ.

Білім алушысын жатын орынмен жарылқай алмағандар, осылай "жазаланып", мемлекеттік тапсырыстан да қағылмақ. Еске салсақ, биылғы оқу жылында, жатар жер таппаған студенттер саябақтар мен вокзалда түнеп қиналған еді.