​СҚО-да аң аулап жүрген ер адам абайсызда серігін атып өлтірді

0
797

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамыз күні Шал ақын ауданының Неждановка ауылы маңындағы орманда болған.


​СҚО-да аң аулап жүрген ер адам абайсызда серігін атып өлтірді

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 55 жастағы ер адам өзімен бірге аң аулауға шыққан 64 жастағы жерлесін абайсызда атып алды, деп жазады ҚазАқпарат.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамыз күні Шал ақын ауданының Неждановка ауылы маңындағы орманда болған. 55 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау кезінде елікке оқ атқан, алайда, бытыраның бір бөлігі қасындағы серігіне – 64 жастағы Айыртау ауданының тұрғынына тиген.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-1-бабы «адам өлтіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбақ.

Естеріңізге салайық, осыған ұқсас оқиға 11 шілде күні Жамбыл ауданы Бауман ауылының маңында болған еді. Елді мекен тұрғыны 65 жастағы ер адам жидек теріп жүрген ауылдасы – 51 жастағы Алтынай Мұздақбаеваны абайсызда атып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі «абайсызда адам өлтіру», 287-бабының 3-бөлігі «атыс қаруын, оқ-дәрі, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, ұстау, өткізу» бойынша айып тағылды. Кейін ҚК 370-бабының 4-бөлігімен Жамбыл ауданы Озерное ауылының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бұрынғы учаскелік инспекторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.