СІМ басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

0
578

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген.


СІМ басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6 қаңтарда дүниеге келді.

Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін, Женева халықаралық қатынастар және дипломатия институтын тәмамдаған (Швейцария Конфедерациясы).