Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

0
592

Күдікті – Шу қаласының 50 жастағы тұрғыны.


Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтаудың кезекті фактісін анықтады, деп жазады BAQ.KZ.

Олар Шу ауданында арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «ToyotaCorolla» маркалы автокөлігін тоқтатқан болатын. Тінту кезінде машинаның жүк салғышынан жолаушыға тиесілі жалпы салмағы 11 келі 760 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты салынған қара полиэтилен пакет табылды.

" Күдікті – Шу қаласының 50 жастағы тұрғыны өзі кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – деп хабарлады ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.