Шетелдегі қазақстандық туристер 19 қаңтарға дейін оралады

0
487

6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7361 турист қайтарылған.


Шетелдегі қазақстандық туристер 19 қаңтарға дейін оралады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі шетелде қалып қойған қазақстандық туристер 19 қаңтарға дейін елге оралатынын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведмствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Тайландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист елге оралады, деп күтілуде. Осы жылдың 19 қаңтарына дейін барлық ұйымдастырылған туристер Қазақстанға оралатынын хабарлаймыз",- делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, шетелдегі барлық туристерге рейстердің ауысатыны туралы ескертілген.

"Туроператорлар өздерінің есебінен, Қазақстанның елшіліктері арқасында туристтерді шетелдік қонақүйлерде орналастыруды қамтамасыз етті. Қазақстанға келетін туристерді тасымалдау және орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды",- делінген хабарламада.