Шет елдегі активтерді қайтару: Бас прокуратура Базель басқару институтымен келіссөздер жүргізді

0
401

Осы Институттың құрамына кіретін Халықаралық активтерді қайтару орталығы (ICAR) – әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі.


Шет елдегі активтерді қайтару: Бас прокуратура Базель басқару институтымен келіссөздер жүргізді

ERNUR.KZ. Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов бастаған Бас прокуратураның делегациясы Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігінің көмегімен Базель басқару институтымен келіссөздер жүргізді, деп жазады zakon.kz.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Бас прокуратурасының Базель басқару институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісім шарттарға сәйкес Базель институтының сарапшылары Қазақстанның Бас прокуратурасына төменде көрсетілген бағыттар бойынша:
Активтерді қайтару мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдар;
  1. Халықаралық тергеп-тексерулер жүргізуде және активтерді шетелден қайтаруға байланысты қылмыстық істер бойынша сұрау салулар дайындауда құқықтық және консультациялық көмек;
  2. Қаржылық тергеп-тексеру және активтерді қайтару, оның ішінде әлем бойынша компаниялардың бенефициарлық меншік иелері мен жылжымайтын мүлік иелерінің тізімдерінен онлайн режимінде ақпарат алу мәселелері бойынша оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу бойынша жәрдем көрсетеді.
Осы Институттың құрамына кіретін Халықаралық активтерді қайтару орталығы (ICAR) – әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі.