Шектеу қоя аламыз: Еңбек министрі елімізге үдере көшкен ресейліктер туралы айтты

0
430

Министр көшіп келушілер еліміздің еңбек нарығына әсер етпей ме? деген сұраққа жауап берді.


Шектеу қоя аламыз: Еңбек министрі елімізге үдере көшкен ресейліктер туралы айтты

ERNUR.KZ. Заңды түрде қажетті шектеулер болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізге үдере көшкен ресейлік босқындар туралы айтты, деп жазады baq.kz.

Министр көшіп келушілер еліміздің еңбек нарығына әсер етпей ме? деген сұраққа жауап берді.

Бүгінгі таңда біздің еңбек нарығына әсер етіп жатқан жоқ. Себебі, 8,7 млн біздің азаматтарымыз еңбек нарығында жұмыс істеп жатыр. Келіп жатқан азаматтар біздің қажетті органдар арқылы жұмысқа тіркелгендерінің саны 25 мыңнан ғана асқан. Егер екі санды салыстыратын болсақ, бұл өте үлкен үлес емес. Еуразиялық одаққа кіретін ел ретінде келісімшартымыз бар. Оған сәйкес біз одақ елдеріндегі азаматтарды қабылдауымыз керек. Бірақ егерде сол азаматтардың саны көбейіп, олар біздің ұлттық экономикамызға, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін болса, Еуразиялық одақтың келісімшартына сәйкес, 97 баптың 2 тармағында көрсетілгендей, біз оларға шектеу қоя аламыз. Ал қазір ондай тосқауыл қоятын дәрежеже емеспіз. Барлық мемлекеттік органдар тарапынан бұл мәселе бақылауда тұр, - деп түсіндірді Дүйсенова.