Сенат Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындады

0
268

Сенат спикері кандидаттар өз саласының білікті мамандары екеніне тоқталды.


Сенат Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындады

ERNUR.KZ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Конституцияға сәйкес Парламенттің әр палатасы Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатураларды палата төрағасы ұсынады. Осыған орай, Сенаттан Жоғарғы аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне Рашит Ахметов, Нұрлан Нұржанов пен Расул Рахимовтың кандидатураларын ұсынамын, - деп атап өтті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат спикері кандидаттар өз саласының білікті мамандары екеніне тоқталды.

Белгілі болғандай, ұсынылған кандидатуралар Қаржы және бюджет комитетінің отырысында алдын ала талқыланған.

Аталған кандидаттар қаржылық қызметін жүзеге асыру барысында өздерін қаржылық бақылау және мемлекеттік аудит саласында жауапты басшылары, жоғары білікті мамандар ретінде көрсетті, - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Тұрымов.

Рашит Ахметов 1959 жылы туған. 2017 жылғы маусымнан 2022 жылғы маусымға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

Нұрлан Нұржанов 1975 жылы туған. 2016 жылғы маусымнан қазіргі уақытқа дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

Расул Рахимов 1978 жылы туған. 2021 жылғы қыркүйектен бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.