Президенттікке үміткер бірінші әйел кандидат ұсынылды

0
1 041

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.


Президенттікке үміткер бірінші әйел кандидат ұсынылды

Президенттікке үміткер бірінші әйел кандидат ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

2022 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Қ.Ж. Әбденнің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.