Президент теріс тәртіптік қылық жасаған 5 судьяны қызметінен босатты

0
400


Президент теріс тәртіптік қылық жасаған 5 судьяны қызметінен босатты

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Президент Жарлығына қол қойды, деп жазады ktk.kz.


Президент Жарлығына сай, мына өңірлердегі судьялар қызметінен босатылды:

- Ақтөбе облыстық сотының судьясы Жапаров Еркін Мұсаханұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

- Жамбыл облыстық сотының судьялары

- Жұмағұлов Нұрлан Асуұлы, Сыздықова Гүлнар Коминтернқызы отставкаға кетуіне байланысты;

- Түркістан облыстық сотының судьясы Жаппасова Клара Жаппасқызы отставкаға кетуіне байланысты.


Астана қаласы бойынша:

- Алматы аудандық сотының судьясы Смағұлова Нұргүл Ілесқызы басқа жүмысқа ауысуына байланысты;

- Есіл аудандық сотының судьясы Құлақбаева Жанна Мұхтарқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

- Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Кушакова Марина Афанасьевна отставкаға кетуіне байланысты.


Алматы қаласы бойынша:

- Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Рамазанова Айжан Қадылбекқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

- Медеу аудандық сотының судьясы Жолманова Светлана Сәтбайқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша.


Шымкент қаласы бойынша:

- Абай аудандық сотының судьясы Мылтықбаев Қанат Елемесұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша.


Абай облысы бойынша:

- Семей гарнизоны әскери сотының судьясы Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы отставкаға кетуіне байланысты.


Алматы облысы бойынша:

- Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Түменбаева Алмакүл Қанапияқызы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты.


Атырау облысы бойынша:

- Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Трумова Дина Шоқанқызы қайтыс болуына байланысты.


Батыс Қазақстан облысы бойынша:

- Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Губашев Нұрлан Ерболатұлы қайтыс болуына байланысты.


Қарағанды облысы бойынша:

- Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Мұхатжанова Бақыт Батбекқызы отставкаға кетуіне байланысты;

- Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Дурдыев Рафаил Ибрагимович отставкаға кетуіне байланысты;

- Теміртау қалалық сотының судьясы Шаяхметова Айжан Ғазизқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша;

- Теміртау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Сыздықов Ерлан Ерғалиұлы отставкаға кетуіне байланысты.

Қостанай облысы бойынша:

- Лисаков қалалық сотының судьясы Ағыбаев Нұрлан Базарбайұлы отставкаға кетуіне байланысты.