Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

0
373

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды


Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ұйымның жаңа мүшелерін таныстырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінгі шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы да өз назарын қазіргі инвестициялық климатқа, сондай-ақ осы қатерлерді еңсеруге қажетті мүмкіндіктерге шоғырландырады деп есептейміз.

Екіншіден, шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының 25 жылдығын атап өтіп отырмыз. Осы жылдар ішінде бұл кеңес тіимді диалог алаңына айналды және елдің инвестициялық климатын жақсартуға елеулі үлес қосты», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды.

«Бәрінен бұрын мен сіздерді кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырғым келеді. Бұл Дүнижеүзілік банктің вице-президенті А.Бассани ханым, KPMG International-дан Б. Томас мырза, INPEX North Caspian Sea, Ltd.-ден Юзо Сенгоку мырза және Veon компаниясынан К.Терзиоглу мырза. Сонымен бірге кеңесте бақылаушы болып отырған Сантано мырзаға хош келдіңіз дейміз», - деді Президент.