Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдерге салынады - министр

0
587

Министр Pfizer вакцинасын басқа санаттағы адамдар күтпегені дұрыс екенін айтты.


Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдерге салынады - министр

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қашан әкелетінін және оны кімдер салдыра алатынын айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Цой Pfizer вакцинасын қазанда тек балалар мен жүкті әйелдер салдыра алатынын айтты. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасын басқа санаттағы адамдар күтпегені дұрыс.

"Оған сенудің қажеті жоқ, қазір барып, екпе алу керек. Бір апта ішінде Қытай Халық Республикасынан ДДСҰ мақұлдаған тағы бір вакцина келеді. Оны салдыруға болады", - деді Алексей Цой Telegram-дағы Coronavirus2020.kz-арнасы жариялаған видеода.