Павлодарда түрмедегі төрт адам ауруханаға пышақ жарақатымен түсті

0
467

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оқыс оқиғаның қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде орын алғанын растады.


Павлодарда түрмедегі төрт адам ауруханаға пышақ жарақатымен түсті

ERNUR.KZ. Павлодардағы түзеу мекелерінің бірінің төрт сотталушысы пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп жазады zakon.kz.

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оқыс оқиғаның қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеде орын алғанын растады.
"Сотталғандардың бірі тыйым салынған заттарының тәркіленгені үшін өзіне жарақат салды. Жедел жәрдем шақырылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Солтүстік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы да оқиға орнына шақырылды. Аталған факт деректерді есепке алу кітабына тіркелді", - деп хабарлады ведомстводан.

ҚАЖД-дағылар сотталған адамның №1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін нақтылады. Оны хирург дәрігер тексерген. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан, ол колонияға қайтарылды.
Сонымен қатар, облыстық жедел жәрдем станциясында Павлодардың №1 қалалық ауруханасына барлығы төрт сотталушы жеткізілгені атап өтті: екеуі - 1991 жылғы, біреуі 1978 жылғы және тағы біреуі 1987 жылғы. Олардың қарнында кесік түрінде жаралар болған. Қойылған диагноз осындай.