Оралдық оқушы өз қатарласын амандаспағаны үшін ұрып өлтірді

0
363

Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған оқушы ұсталған.


Оралдық оқушы өз қатарласын амандаспағаны үшін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысындағы Щапов ауылының мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірді. Оқиға куәгерлер марқұм болған жеткіншек оған дұрыстап амандаспағанын айтқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Бұған ашуланған жасөспірім бірден қол көтеріпті. 9-сынып оқушысы Дияр Досқали алған соққыларынан қайтыс болды.

Марқұмның туысы Дияр Досқалидің айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырыпты. Осыдан кейін сөзбен тиісіп, қол көтерген.

"Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10-кластағыларға айтқан ғой мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті", - дейді марқұмның туысы Дияс Досқали.
"Әңгіменің басы бізге келгенде неге "Ассалумағалейкүм" айтпадың дегендей сөзден басталған. "Қатты соққының даусы естілді" дейді. Содан жүрелеп отырып, сосын шалқасынан құлаған. Кінәлау қиын, бірақ жаңағы соққы жасаған баланың сондайы барын там-тұмдап естиміз", - дейді марқұмның туысы Махмұд Бекқұлов.

Балаларды осылай қорлағандар жерге құлаған Диярдың есін жиғызуға тырысады. Бірақ мұны үлкендерге айтпаған. Осы қарбалас кезде Диярды ұрған жасөспірім қашып кетіпті. Ал ата-анасына хабарласқанда бәрі кеш болды дейді туыстары.

"Бетіне су құйғанда мұрнына су кетіп қалып, тұншығып қалды ма, дұрыс көмек бермеген басында. Жазалануы керек бәрі! 7-8 бала болған ғой. Бірақ жіберіп тұрған баланың өзі болмаған. Өзі қазір телефонын алмайды, ештеңе істемей отыр", - дейді марқұмның туысы Салтанат Абаева.

Марқұмның туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Өйткені әлімжеттік көрсеткен оқушылардың бірі - бұрын күреспен айналысқан, ал енді бірі - студент.

Полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Лунара Аманғалиева.