Оралда Lexus көлігінің жолаушысы полицейлерден қашамын деп үйге соқтығысып мерт болды

0
618

Қашып құтылмақ болған жүргізуші газ құбыры мен екі электр бағанасын бұзып, Исатай-Махамбет көшесіндегі үйге соқтығысқан.


Оралда Lexus көлігінің жолаушысы полицейлерден қашамын деп үйге соқтығысып мерт болды

ERNUR.KZ. Оралда 20 қаңтарда таңғы сағат 5:20-да патрульдік полиция қызметкерлері Lexus - 570 көлігін тоқтатқан. Алайда қызметкерлерден қашуды шешкен жүргізуші Исатай-Махамбет көшесіндегі үйге соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Қашып құтылмақ болған жүргізуші газ құбыры мен екі электр бағанасын бұзып, Исатай-Махамбет көшесіндегі үйге соқтығысқан.

“Оқиға салдарынан Lexus көлігін тізгіндеген ер адам оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға барысында көлік үйдің бір бөлігін қиратып, залдың қабырғасы опырылған. Үй иесі көлікті кім жүргізгенін білмегенін және апат кезінде үйде әкесінен басқалардың бәрі ұйықтап жатқанын айтты.

“Үйде мен, әкем, ағам және қызым болды. Біз бөлмеде жаттық. Ал әкем дәл сол кезде залда болған. Дегенмен, құдай сақтап жарақат алмады",- деді үй иесі.