Оқ атып жүрген Талдықорған әкімі желіде қызу талқыға түсті

0
387

Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың аспанға мылтық атқан видеосы таралды.


Оқ атып жүрген Талдықорған әкімі желіде қызу талқыға түсті

ERNUR.KZ. Әкім осылайша БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтамақ болған, деп жазады Stan.kz.

Әкім журналистер мен блогерлерді демалуға шақырып, стандік атудан жарыс ұйымдастырды. Видео жергілікті Instagram парақшаларда талқыға түсті. Кейбір қолданушылар Масабаевтың бастамасын қолдаса, енді бірі әкімге маңыздырақ мәселелермен айналысу керек деп есептеді.

Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір берген.

"Қала әкімі Әсет Масабаев БАҚ қызметкерлері арасында оқ атудан турнир өткізді. Бұл жерде сыни ештеңе жоқ, БАҚ өкілдерінің демалысы. Әкім онда жергілікті журналистер мен блогерлерімізді құттықтады. Оқ ату арнайы аймақта өтті. Осындай іс-шаралар біздің БАҚ-тың командалық рухын көтеру үшін қажет деп ойлаймын", – деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі видеоға қатысты.