Нұрсұлтан Назарбаев емделіп жатқан орталық қызметкерлеріне палау таратылғаны рас па

0
786

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалғаны хабарланды.


Нұрсұлтан Назарбаев емделіп жатқан орталық қызметкерлеріне палау таратылғаны рас па

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев емделіп жатқан Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы қызметкерлеріне осы пациенттің атынан палау таратылды ма? Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттарға байланысты БАҚ өкілдері орталық директорына осындай сауал қойды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пяға брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған емдеу процедурасы мен денсаулығынан басқа да сауалдар қойылды. Атап айтқанда, тілшілер тұңғыш президенттің емдеу процедурасының сәтті өтуіне байланысты ұлттық кардиохирургия орталығының қызметкерлеріне палау таратылғандығының рас-өтірігін нақтылады. Бұл туралы ақпарат желіде тараған еді.

«Ол жағын білмедім. Мен процедурадан кейін асханаға барып тамақтандым. Ол (тұңғыш президент – ред.) ем алып жатқан жағдайда палауға тапсырыс берді деп айта алмас едім», - деді Юрий Пя.

Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалғаны хабарланды.

Бұған дейін кардиохирург Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтып берген еді.

Сондай-ақ, маман тұңғыш президент емінің ақысыз екендігін мәлім етті.