Нұр-Сұлтанда монша кешенінде лифт құлады

0
286

Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде лифт есігі ашылып, 8 адам шығарылды.


Нұр-Сұлтанда монша кешенінде лифт құлады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда монша кешенінде лифт құлады, деп жазады sputnik.kz.

Видео әлеуметтік желіде тарады. Осы сәтте лифт ішінде болған қыздардың бірі лифт 1-қабаттан минус 1-қабатқа құлағанын жеткізді.
"Адамдар лифт ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар лифт есігі ашылмай тұрғанын анықтады", - деп толықтырды елорданың төтенше жағдайлар департаменті.
Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде лифт есігі ашылып, 8 адам шығарылды.
Жуырда Павлодарда лифт шахтасында ер адамның қолы қысылып қалған болатын. Құтқарушылар оны шатыр арқылы шығарып, жедел жәрдемге жеткізді.