Нұр-Сұлтанда лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлаған

0
428

Лифт ішінде екі адам болған.


Нұр-Сұлтанда лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлаған

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйдегі лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлады. Бұл кезде лифт ішінде екі адам болған, деп жазады Stan.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға елордадағы Күйші Дина көшесі, 31 үй мекенжайында 1 тамызда болған.

"Құтқарушылар келіп жеткен кезде лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықталды. Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифтіден шыққан. Зардап шеккендерді медициналық қызмет мамандары тексерді, жағдайлары қанағаттанарлық", – делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыдағы Mega Towers тұрғын үй кешенінде лифт жоғары жылдампен қозғалып, үйдің төбесіне соғылған еді.