Нұр-Сұлтанда бойжеткен 11-қабаттан секіріп көз жұмды

0
800

Қайғылы оқиға болған сәтте отбасы мүшелері түгел үйде болған.


Нұр-Сұлтанда бойжеткен 11-қабаттан секіріп көз жұмды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен секіріп кеткен 22 жастағы қыз көз жұмды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің өкілдері растады

«17 сәуір күні таңғы сағат 8.10 шамасында «102» арнасына Сарыарқа даңғылы бойында қыз баланың терезеден құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Анықталғандай, 22 жастағы тұрғын 11-ші қабат терезесінен секіріп кеткен екен. Бойжеткен оқиға орнында қаза тапты», - делінген ПД баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға болған сәтте отбасы мүшелері түгел үйде болған екен.

Полиция департаменті аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.