Нұр-Сұлтан көшелерінде смайлик бағдаршамдар пайда болды

0
866

Бұл идея жастар арасында эмодзилердің танымалдылығын ескере отырып, бағдаршам белгісін қабылдауын жақсартады деп күтілуде.


Нұр-Сұлтан көшелерінде смайлик бағдаршамдар пайда болды

ERNUR.KZ. Шұбар тұрғын алабындағы Космонавтар көшесі бойында автокөлік жылдамдығын шектеу үшін көтеріңкі жаяу жүргіншілер өткелі (пандус) орнатылды. Бұл жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апат қаупін азайту мақсатында жүргізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апат қаупін төмендету мақсатында көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментімен бірлесіп, қаланың көше-жол желісінде ең жоғары жылдамдықты шектеу үшін пилоттық жобаны іске қосты.

Жоба аясында Шұбар тұрғын алабында Космонавтар көшесіндегі «Қоңырат» сауда орталығы маңында көтеріңкі жаяу жүргіншілер өткелін (пандус) орнатты.

Бұл жұмыс көлік жылдамдығын шектеу үшін жүргізілді.

«Бұл шаралар құқық бұзушылықтың және жол-көлік оқиғаларының алдын алады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жүруін, рұқсат етілген ең жоғары жылдамдықты арттыруға байланысты оқыс оқиғалардың алдын алуды қамтамасыз етеді. Мұндай өткел жұрттың көшеден емін-еркін өтуіне мүмкіндік жасайды. Жүргізушілерді мұқият болуға және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырамыз», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, басқарма жаяу жүргіншілер жолын реттеп қана қоймай, олардың көңіл-күйін көтеретін смайликтері бар бағдаршамдар орнатты.

Мамандардың айтуынша, бұл идея жастар арасында эмодзилердің танымалдылығын ескере отырып, бағдаршам белгісін қабылдауын жақсартады.

«Бұл жаңашылдық саябақтарға және желекжол нысандары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде қолданылды. Алдағы уақытта бағдаршам кешенін дыбыстық құрылғылармен толықтыру жоспарланып отыр», - деп хабарлады басқармада.

Смайлик бағдаршамдар тізбесі:

1. Республика даңғылы – «Есіл» СҮ
2. Республика даңғылы – «Талисман» СҮ
3. Момышұлы көшесі – «Виктория» ТК
4. Түркістан көшесі – «Нұржол» желекжолы
5. Ақмешіт көшесі – «Нұржол» желекжолы
6. Жұмабаев көшесі – «Жерұйық» саябағы
7. Қабанбай батыр даңғылы – «Салтанат Сарайы»
8. Нұр Жол көшесі – «Нұржол» желекжолы.