Назарбаевқа ота жасалған жоқ – кардиохирург

0
508

Бұл емдеу-диагностикалық процедурасы.


Назарбаевқа ота жасалған жоқ – кардиохирург

ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа операция емес, емдеу-диагностикалық процедурасы жасалды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, бұл жоспарлы процедура.
"Процедура былтыр жоспарланған. Бірақ біз әрбір пациенттің жұмыс кестесіне, ыңғайлы уақытына қараймыз. Оның жұмысбастылығы мен денсаулық жағдайына байланысты бүгін өткізуді шештік", - деді Пя журналистерге арналған брифингте.
Ол бұл процедураның стреспен еш байланысы жоқ екенін атап өтті.
"Қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы", - деді ол.
Жоспарлы процедура екі жарым сағатқа созылған. Экс-президент ауруханадан бүгін-ертең шығарылуы мүмкін.
Осы орайда журналистер Назарбаевқа орталықта ерекше жағдай жасалған ба деп сұрады.
"Бізде әрбір пациентке ерекше жағдай жасалған. Біз де VIP деген түсінік жоқ. Біз үшін әрбір пациент VIP", - деп мәлімдеді Юрий Пя.
Юрий Пя Назарбаевқа диагностикалық процедура тегін жасалғанын атап өтті.
"Ол кісі бұрыннан біздің пациентіміз. Ал Қазақстанның әрбір азаматы МӘМС аясында көмек алуға құқылы екенін сіздер білесіздер", - деді дәрігер.
Экс-президентке емдеу-диагностикалық процедурасы алғаш рет жасалған.
Еске салсақ, бүгін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалғанын хабарлады. Ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық кардиохирургия орталығында жасалған.