Назарбаев «Құрметті сенатор» атағынан айырылды

0
750

Нұрсұлтан Назарбаевқа «құрметті сенатор» атағын беруді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған.


Назарбаев «Құрметті сенатор» атағынан айырылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Спикер «Құрметті сенатор» атағына қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Бұған дейін «Құрметті сенатор» атағы бір-ақ адамға берілген. Енді біздің заңдарда «Құрметті сенатор» деген атақ жоқ. Оны бірден айтайын. Сенат регламентіне өзгеріс енгізілді. Осы регламентте қарап, өзгеріс енгізгенде («Құрметті сенатор» атағын – ред.) алып тастадық. Бұған дейін ол бір-ақ адамға (Нұрсұлтан Назарбаевқа – ред.) берілді. Енді мұндай атақ ешкімге берілмейді. Өйткені қазір бізде онда құқықтық негіз жоқ. Оны алып тастадық, - деді Сенат спикері Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.

Айтуынша, бұдан былай, мұндай атақ ешкімге берілмейді.

Еске сала кетейік, 2019 жылы 30 мамырда елді 30 жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаевқа «құрметті сенатор» мәртебесін беру талқыланған болатын.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап, Парламент экс-президентке мәртебе беру туралы қаулы шығарды.

Сенаторлар, соның ішінде Әли Бектаев «Назарбаевқа «құрметті сенатор» атағын беру Сенаттың мәртебесін арттыратынын» айтқан еді.

Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Назарбаевқа «құрметті сенатор» атағын беруді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған.