Министр Сәтқалиев "Газпром" мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

0
383

Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап берген ведомство басшысы елдер арасындағы достық қарым-қатынас негізінде баға әділетті болады деп сендірді.


Министр Сәтқалиев

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ресейлік "Газпром" компаниясының Қазақстанға экспортталатын газ бағасы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап берген ведомство басшысы елдер арасындағы достық қарым-қатынас негізінде баға әділетті болады деп сендірді.

"Жалпы, мен өз жағдайымды нақтылағым келді. Өздеріңіз білесіздер, кез келген экспорттық өнім бағасы өзіндік құн, елдер аумағы арқылы тасымалдау, өндірушілер негізгі өзіндік құнға салатын кірістен тұрады. Газ бағасын "Газпром" корпорациясы мен Ресей үкіметі белгілейтінін түсінеміз. Баға белгілеу Қазақстанмен де, Беларусь Республикасымен де достық қарым-қатынастар негізінде әділ болатынына сенімдіміз. Біздің елдер арасындағы стратегиялық әріптестік факторлар, оның ішінде экономикалық параметрлер де ескеріледі", - деп түсіндірді Сәтқалиев.

Еске салайық, 19 сәуірде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанға ресейлік газ бағасы Беларуське қарағанда "әлдеқайда төмен" және "еуропалық бағадан бірнеше есе төмен" болатынын айтқан.